{metadescription}
Макаров тапаншасымен қаруланған ұры ломбардты тонап кетті
Макаров тапаншасымен қаруланған ұры ломбардты тонап кетті

Макаров тапаншасымен қаруланған ұры ломбардты тонап кетті

Алматыда таңатпастан ломбардқа қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіге іздеу салынды! Аузын тұмшалап алған жігіт қызметші қызға қару тақап, 7 миллион теңгенің алтынын алып кеткен.  

Макаров тапаншасымен қаруланған ұры ломбардқа қызметші қыздың ізінше кірген. Сөйтіп, қарумен қорқытып, сейфтегі 7 миллион теңгенің алтынын сыпырып әкеткен. Алтындармен бірге қымбат макбук пен кассадағы 270 мың теңгені де іле кеткен. Күдікті медициналық бетперде кигендіктен, оны табу қиынға соғып отыр. Ломбард сауда орталығының ішінде орналасқан. Бірақ, қасындағы басқа бутиктер бұл уақытта жабық тұрады екен. Соған қарағанда, қарақшы арам пиғылын іске асырмас бұрын әбден дайындалған сыңайлы. Тіпті, камераға кісі дауысы жазылатынын білгендей ұры сыбырлап сөйлеген. Бір қызығы сол, қарақшылық шабуыл онлайн трансляцияда болған. Яғни, таспа  ломбард қожайынына тікелей қосылған. Бірақ, кәсіпкер камераға ол кезде қарамапты. Ал бір ажалдан аман қалған 25 жастағы қызметші қыз ұры кетісімен артынша шығып, айқайға басқан.  Бірақ, алтынды алып қашқан ұрыны ешкім ұстап үлгермеді.

Рустам Метқұрбанов, ломбард қожайыны:

- Сауда үйі ішіндегі ломбардты тонайды деп ойламадық. Сондықтан, жеке күзет қоймаған едік. Күзет тек сауда үйінің сыртында болған. Бірақ, олар ұрыны байқамай қалды. Қазір басқа камералардан оның кіріп-шыққан іздерімен іздестіріп жатырмыз. ал клинеттеріміз әбіржімесе болады, барлық шығынның орнын өтеп беруге әзірмін.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде