{metadescription}
Ақтауда таң атпастан дүкен тонамақ болған үш адам ұсталды
Ақтауда таң атпастан дүкен тонамақ болған үш адам ұсталды

Ақтауда таң атпастан дүкен тонамақ болған үш адам ұсталды

Ішімдікке сылқия тойып алған қаскөйлер таңғы жетілер шамасында супермаркетке келіпті. Кассада отырған қыздан ақша талап етіп, сөреде тұрған заттарды қиратқан. Ал күзетші араласқанда оны үшеуі жабылып сабапты. Тіпті, бөтелке сынығымен ішін тіліп тастаған. Дүкеннің едені түгел қан. Ащы судың буымен ойына келгенін істегендер арнайы күyзет агенттігінің қызметкерлері жеткенде бірден есін жиып алыпты. Біреуі сыбайластарын тастай қашқан. Бірақ ұзаққа кеткен жоқ. Үшеуі де ұсталды. Енді олар он жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде