Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа жылды қайда қарсы алады?
Астанада қайырымдылық балына қатысып, жұртты мерекемен құттықтаған мемлекет басшысы бұл сұраққа қалжыңмен жауап берді.
Автор: Досжан Маратұлы
29.12.2017
-Спрашивают, где президент встречает Новый год. В своем офисе - потому что, где встретишь, там и будешь работать следующий год.
Сөзін осылай қалжыңмен бастаған президент еліміз үшін 2017 жылдың оңай болмағанын айтып, алдағы жылы атқарылар жұмыстардың ауқымды екенін ескертті. Саясаттан бөлек, Назарбаев ел азаматтарына аңыздан мысал келтіріп, бақытты болудың құпиясымен де бөлісті. Жалпы, қайырымдылық балға еліміздің саясаттағы элитасынан бөлек, биыл жетістікке жеткен азаматтар қатысты. Арасында футболдан Еуропа лигасында тарихи жеңіске жеткен «Астана» клубының ойыншылары бар. Олар Елбасыға доп сыйлағаны сол еді, президент футболшылармен бірге туфлимен доп ойнады. Бұдан соң, жаңа жыл үлкендердің де тосын сый күтетін ғажайып мерекесі деген мемлекет басшысы балға қатысушыларды келе жатқан ит жылымен құттықтап, махаббаттың не екенін түсіндірді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан республикасының президенті:
-Жүрігімізден ешқашан да от сөнбесін. Махаббат төңірігімізді аралап жүретін болсын. Одан артық нәрсе жоқ. Махаббат деген отан деген сөз. Махаббат үй деген сөз. Махабат деген ғашығың деген сөз. Сол махаббат жүректеріңде сөнбесін арқайсыңның. Оны шығармаңдар жүректеріңнен. Аман сау болайық, бір болайық, алдыға қарай жылжи берейік, құтты болсын! С новом годом!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!