{metadescription}
Полицейлер жол ережесін бұзған көліктерді қолмен белгі беріп те тоқтата алады
Полицейлер жол ережесін бұзған көліктерді қолмен белгі беріп те тоқтата алады

Полицейлер жол ережесін бұзған көліктерді қолмен белгі беріп те тоқтата алады

Яғни, сақшы үнемі қызметтік көлігімен көшені аралап  жүруге міндетті емес. Бүгін Ішкі істер министрлігіндегілер полицейдің қандай жағдайда машинаны қолмен тоқтатуға құқығы барын түсіндірді. Сондай-ақ, жаңа жылдан бастап жұрт жиі сұрайтын қымбат нөмірлердің санын көбейтпек. Және бірқатар айыппұлдың көлемі төмендейді.

-Жәудір, қайырлы күн. Былтыр полицейлер қызметтік көлігімен ереже бұзғандардың соңынан еріп, тоқтатуға көшкен еді. Енді жолды жаяу жүріп те бақыламақ па?

Ерланби. Иә, негізі полицейлер қызметтік көлігімен көше аралап, ереже бұзғандарды анықтайтын. Бірақ, кейбір жағдайда сақшылардың бір орында тұрып та темір тұлпарды тоқтатуға құқығы бар екен. Оны бүгін Әкімшілік полиция комитетіндегілер түсіндіріп берді.

Әлібек Кеңісбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:

-Автопатруль үнемі қозғалыста болмайды. Кейбір бағытты сақшы бір орында тұрып бақлайды. Мәселен, адам көп жүретін немесе қауіпті аймақтарда полицей жаяу жүреді. Көлік жүргізушісінің ереже бұзғанын байқаса, қолымен белгі беріп тоқтатады.

Егер сақшы жүргізушіден еш негізссіз, себепсіз аялдауды талап етсе, Ішкі істер министрлігінің сенім телефонына хабарласып, шағымдануға болады. 

-Жаңа жылдан бастап бірқатар айыппұлдың сомасы да төмендемек. Жаза жеңілдеген соң жолдағы апат, қылмыс көбейіп кетпей ме? Ішкі істер министрілгіндегілер зерттеу жүрігізіп пе?

Журанлистер  бұл сұрақты  Әкімшілік полиция комитетіндегілерге қойды. Сақшылар  заңға өзгеріс енгізбес бұрын сараптама жасапты.

Спирттік ішімдік ішіп, рөлге отырғандарға жазаны жеңілдетілген жоқпыз. Тек аса қауіпті емес, жеңіл-желпі ереже бұзғандарға ғана айыппұлды азайттық  деп отыр. Яғни, бұдан қылмыс саны көбеймейді екен. Ал жаңа жылдан бастап 22 түрлі айыппұл бірнеше пайызға төмендейді. Жаңа Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске президент күні кеше қолт қойғанын да айта кетейік.

Нұрсейіт Әбішев, Қр ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы:

-Атап айтатын болсақ, мысалы, жылдамдықты 10-нан 20-ға дейін асырған жағдайда айыппұл мөлшері қазір 10 айлық көрсеткіш болса, ол 5 айлық көрсеткішке азайту көзделіп отыр. Мүгедектердің көлігі қойылатын жерге басқа адамдар көлігін қойған жағдайда қазір 50 болса, оны 10 мерзімге азайту көзделіп отыр.

Және жолдың қарсы бағытына  шығып кеткендерге де жеңілдік бар. Ал полицейге бағынбай, қарсылық танытқан жүргізуші бұрынғыдай 1 жылға емес, 6 айға куәлігінен айырылады. Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі жаңа жылдан бастап жұрт жиі сұрайтын 010, 020, 040  сынды нөмірлерді сатылымға көбірек шығармақ.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде