{metadescription}
Алматыда жас қызды асқан қатыгездікпен өлтірген таксиші ұзақ мерзімге сотталды
Алматыда жас қызды асқан қатыгездікпен өлтірген таксиші ұзақ мерзімге сотталды

Алматыда жас қызды асқан қатыгездікпен өлтірген таксиші ұзақ мерзімге сотталды

Қаскөй тиісті жазасын алды! Алматыда 18 жастағы жолаушысына ажал құштырған такси жүргізушісі 21 жыл 7 айға түрмеге қамалды.

Негізі Құрбан Ысқақовқа адам өлтіргені үшін 18 жыл үкім кесілген. Ал, қалған уақыт қылмысты қайталағаны үшін қосып берілді. Өйткені, ол бұрын да 3 рет істі болған. Ал, соңғы рет қыз зорлағаны үшін темір торға қамалған екен. Бірақ, үлгілі тәртібі ескеріліп, мезгілінен бұрын бостандыққа шығыпты. Зардап шегуші тарап қылмыскердің Назерке Әріпті де зорлап, артынша осы әрекетін жасыру үшін өлтіріп тастағанына сенімді. Өйткені, мәйіт табылған кезде бойжеткеннің іш киімі жоқ болып шыққан. Бірақ, сотта қылмыскердің марқұмды жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені дәлелденбепті. Қапыда қызынан айырылып қара жамылғандар сот үкімімен келіспейді. Сондықтан, апелляцияға шағымданамыз деп отыр. Естеріңізге салсақ, абитуриент қыз шілдеде үйінен кетіп, сол күйі оралмаған. Тек араға 2 ай салып өлігі Кеңсай жақтан табылды. Сөйтіп, жақындары далада ұзақ жатып қалған қызға сараптама жасатпастан, бірден жерлеген-ді.

Сәуле Сарбаева, Н. Әріптің анасы:

- Біз әрі қарай тоқтамаймыз, апелляция береміз. Ондай қылмыскердің орны тек қана түрме. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде