Латвиялық телеарна Асылбек Мусин терезесінен құлап түскен үйді көрсетті
Қайғылы оқиға Риганың Иманте шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.
Автор: Азамат Алдоңғаров
29.12.2017
Мынау сол қаралы үй. Латвиялық полицейлер іске қатысты қосымша мәлімдеме жасады. Өлім 22-сінен 23-іне қараған түнде болған. Ал отандасымыздың өлі денесін таңертен көшеден өтіп бара жатқан адамдар тауып алса керек. Оның Асылбек Мусин екенін аула сыпырушысы растапты. Жергілікті тұрғындар тамызда дәл осы үйдің, сол он бесінші қабатынан келіншек құлап, қаза тапқанын еске алды. Ол Асылбек Мусиннің жұбайы деген ақпарат бар. Бірақ Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл мәліметті әлі растаған жоқ. Қазір отандасымыздың денесі мәйітханада. Кеше біздің сыртқы ведомство Асылбек Мусиннің жақындары оны тану үшін Латвияға кетті деген. Еске салсақ, қаза тапқан жігіт Қазақстанның белгілі саяси қайраткері Аслан Мусиннің ұлы.
Оскарс Чугуновс, Латвия полициясының қызметкері:
-Оқиғаның куәгерлері көп емес. Денені үйдің жанынан өтіп бара жатқан азамат тапқан. Полиция оқиға орнына жеткенше үйден тұрғындар шығып, не болғанын сұрастырып, адам қаптап кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!