{metadescription}
Назарбаев өмірлік жолы қиын азаматтарға әкелік кеңесін берді
Назарбаев өмірлік жолы қиын азаматтарға әкелік кеңесін берді

Назарбаев өмірлік жолы қиын азаматтарға әкелік кеңесін берді

Сынға көп ілігетін футболшыларға президенттен шеберлік сағаты! Мемлекет басшысы мыңдаған адаммен қайырымдылық кешке қатысып, жаңа жылдық құттықтауларды бастап кетті. Бейресми жиында Елбасы бақыт жайлы  айтып, өмірде орнын таба алмай жүрген азаматтарға жол сілтеді. Сөзбен шектелмей, футболды қалай ойнай керектігін де көрсетті.

Дәстүрлі Астана қайырымдылық кешіне Қазақстанның саяси элитасының бір өкілі қалмай келді. Құрметті қонақтардың арасынан, көзге үйреншікті әскери формасын классикалық костюмге алмастырған елдің бас сақшысы Қалмұханбет Қасымов, Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовтарды тануға болады. Сұсты генералдар қайырымдылық кешіне жұбайларын қолтықтай келген. Ал кештің бас қонағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Министрлердің отбасылық-мерекелік көңіл күйін сезген президент сөзін махаббаттан бастады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Жүрігімізден ешқашан да от сөнбесін. Махаббат төңірігімізді аралап жүретін болсын. Одан артық нәрсе жоқ. Махаббат деген отан деген сөз. Махаббат үй деген сөз. Махабат деген ғашығың деген сөз. Сол махаббат жүректеріңде сөнбесін арқайсыңның. Оны шығармаңдар жүректеріңнен. Аман сау болайық, бір болайық, алдыға қарай жылжи берейік, құтты болсын!

Президент, министрлер, әкімдер, депутаттар мен олигархтар қатысқан кешке кез-келген адамның қатысуына мүмкіндік болды. Астана әкімдігі ұйымдастырған қайырымдылық балдың билет құны ханға да, қараға да 25 мың теңге. Одан түскен пайда мұқтаж адамдардың қажетіне жұмсалады. Нұрсұлтан Назарбаев сондай өмірлік жолы қиын азаматтарға әкелік кеңесін берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Бог, когда создал людей, создал всех животных и он говорит: «Все хотят счастья. Где мне спрятать это счастье? В земле спрячу – найдут, в воде – найдут, в небе – найдут. Давай-ка я спрячу счастье в каждом человеке». Так что, счастье в каждом из нас. Надо только сильно захотеть и стремиться, чтобы достичь этого счастья. И оно из вас выйдет и придет к вам обязательно.

Елбасының жаңа жыл қарсаңындағы көңіл күйі көтеріңкі. Жылдың басты жетістіктерінің бірі деп мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігін атады. Елдің келесі бір кезегіне президент қуанып қана қоймай, Еуропа лигасының ақтық ойындар айналымына іліккен Астана футбол командасы ойыншыларына дүбірлі додада қалай доп ойнау керектігін көрсетті.

-Мемлекет басшысы сондай-ақ көпшілікпен жаңа жылдық жоспарларымен бөлісті. Бұл президенттіктің 26 жылдығында Нұрсұлтан Назарбаевтың алғаш ағынан жарылып, сыр бөлісуі болды. Үнемі қызу жұмыста болатынын меңзеген елбасы он екіні Ақордада қарсы алып, келер жылда да жұмыстан бас көтермеймін деп қалжыңдады. Ал миллиондардың тілегін мемлекет басшысы әдеттегідей отыз бірі күні, тұп-тура он екіде тілейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.