Полицейлер ереже бұзған көліктерді қолмен белгі беріп тоқтатуға құқылы болып шықты
Жолда жүріп ажал құшқандар. Биыл елімізде екі мың адам көлік апатынан қаза тапқан. Қайғылы оқиғаға араққа тойып алып рөлге отырған және өрескел ереже бұзғандар себеп. Тағы түрлі айыппен 38 мың адам жүргізуші куәлігінен айырылыпты. Ішкі істер министрлігінің жыл соңындағы статистикасы осындай. Ендігіде полицейлер жол ережесін бұзған көліктерді қолмен белгі беріп те тоқтатуға құқылы екендерін ескертті. Яғни, сақшы үнемі қызметтік көлігімен көшені аралап жүруге міндетті емес.
Автор: Жәудір Оразхан
29.12.2017
Ащы суға тойып алып, өзімен бірге өзгенің де өмірін қиғандар биыл да жетерлік. Мас күйінде рөлге отырған және жол ережесін бұзған жауапсыз жүргізушілердің кесірінен екі мың адам көз жұмған.
Әлібек Кеңісбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:
-Биыл 28 мың адам мас күйінде рөлге отырғаны және 3 миллион жүргізушінің жол ережесін бұзғаны анықталды. Ал 38 мың 500 адам куәлігінен айырылған, 3200 азамат заң бұзғаны үшін құрықталды.
Осындай адам шошырлық статистикаға қарамастан, Ішкі істер министрлігіндегілер өткен жылмен салыстырғанда жол апаты мен қайғылы оқиға азайды деп отыр. Сондай-ақ, былтыр ереже бұзғандардың соңынан қызметтік көлігімен еріп, тоқтатуға көшкен полицейлер енді жолды жаяу жүріп те бақылайтындарын ескертті. Кейбір жағдайда сақшылардың бір орында тұрып темір тұлпарды тоқтатуға құқығы бар екен. Оны бүгін Әкімшілік полиция комитетіндегілер түсіндіріп берді.
Әлібек Кеңісбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:
-Автопатруль үнемі қозғалыста болмайды. Кейбір бағытты сақшы бір орында тұрып бақлайды. Мәселен, адам көп жүретін немесе қауіпті аймақтарда полицей жаяу жүреді. Көлік жүргізушісінің ереже бұзғанын байқаса, қолымен белгі беріп тоқтатады.
Егер сақшы жүргізушіден еш негізссіз, себепсіз аялдауды талап етсе, Ішкі істер министрлігінің сенімтелефонына хабарласып, шағымдануға болады. Ал жаңа жылдан бастап бірқатар айыппұлдың сомасы төмендейді. Жураналистер Ішкі істер министрілгіндегілерден жаза жеңілдеген соң жолдағы апат, қылмыс көбейіп кетпей ме деп сұраған. Сақшылар заңға өзгеріс енгізбес бұрын сараптама жасапты. Спирттік ішімдік ішіп, рөлге отырғандарға жазаны жеңілдетілген жоқпыз. Тек аса қауіпті емес, жеңіл-желпі ереже бұзғандарға ғана айыппұлды азайттық дейді. Яғни, бұдан қылмыс саны көбеймейді екен. Ал қаңтардан бастап 22 түрлі айыппұл бірнеше пайызға төмендейді. Жаңа Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске президент күні кеше қол қойғанын айта кетейік.
Нұрсейіт Әбішев, Қр ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы:
- Жылдамдықты 10-нан 20-ға дейін асырған жағдайда айыппұл мөлшері қазір 10 айлық көрсеткіш болса, ол 5 айлық көрсеткішке азайту көзделіп отыр. Мүгедектердің көлігі қойылатын жерге басқа адамдар көлігін қойған жағдайда қазір 50 болса, оны 10 мерзімге азайту көзделіп отыр.
-Және жолдың қарсы бағытына шығып кеткендерге же жеңілдік бар. Ал полицейге бағынбай, қарсылық танытқан жүргізуші бұрынғыдай 1 жылға емес, 6 айға куәлігінен айырылады. Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі жаңа жылдан бастап жұрт жиі сұрайтын 010, 020, 040 сынды нөмірлерді сатылымға көбірек шығармақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!