Қарағанды тұрғыны көлікті ішіндегі жолаушысымен бірге ұрлап әкеткен
Қарағандыда көлік ұрлаған 24 жастағы жігіт күдікті ұсталды. Ол таңертеңгілік ауланың бірінде оталып тұрған машинаны айдап әкеткен. Ал көліктің артқы орындығында көлік иесінің 80-нен асқан анасы отырған екен. Араққа сылқия тойған күдікті салондағы кемпірдің айғайынан шошыған боуы керек, алысқа ұзамай көлікті жол шетіндегі қоршауға соқққан. Тәлтіректеп қашқанда аяқ киімдері шешіліп қалыпты. Ол көп ұзамай қолға түсті. Ал 81 жастағы кейуана артқы орындыққа жатып алғандықтан, денсаулығына зиян келмепті. Енді күдікті 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Автор: Саят Сабдалы
29.12.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!