{metadescription}
Асылбек Мусиннің өліміне қатысты жаңа дерек шықты
Асылбек Мусиннің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Асылбек Мусиннің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Жары да терезеден секіріп, бақилық болған. Латвия телеарналарының бірі Асылбек Мусиннің өліміне қатысты жаңа деректі жариялады. ЛТВ-7 арнасының мәліметінше, ерлі-зайыптылар құлаған үй Риганың шағын аудандарының бірінде орналасқан. Қайғылы оқиғаның куәгерлері де табылды. Мусиндер отбасының көршілері олардың не себепті өмірмен қоштасқанын түсінбейді.

Риганың Иманте ауданындағы Мусиндер отбасының мекені болған көпқабатты мына үй Асылбек Мусиннің секіріп өлген үйі делінген. Белгілі саясаткер Аслан Мусиннің ұлының 15-ші қабаттан құлап түсуі желтоқсанның 22-сінен 23-іне қараған түні болған.

Оскарс Чугуновс, Латвия полициясының қызметкері:

-Оқиғаның куәгерлері көп емес. Денені үйдің жанынан өтіп бара жатқан азамат тапқан. Полиция оқиға орнына жеткенше үйден тұрғындар шығып, не болғанын сұрастырып, адам қаптап кетті.

Ал, мәйіттің дәп сол Асылбек Мусиндікі екенін аула сыпырушысы таныпты. Куәгердің айтуынша, марқұм айналасындағылармен ашылып сөйлеспейтін, томаға тұйық болған.

Владимир, аула сыпырушы:

-Біз сөйлеспейтінбіз. Әңгімеміз тек амандық сұрасумен ғана аяқталатын. Аты жөні кім екенін мерт болғанда бір-ақ білдік.

Көрші-қолаң тамызда осы үйдің он бесінші қабатынан бір келіншектің де құлағанын айтады. Латвиялық телеарнаның хабарлауынша, ол Асылбек Мусиннің жұбайы екен. Бірақ Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл мәліметті әзірге растаған жоқ. Қазір Асылбек Мусиннің денесі мәйітханада.

Асылбек Мусин Қазақстанның белгілі саясаткері, Президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Аслан Мусиннің ұлы. Оның Қазақстанда «құраншылдар» деп аталатын діни топтың көсемі болғаны туралы ақпарат құралдарында талай жазылды. Тіптен, әкесі лауазымды қызмет атқарып тұрғанда Асылбек Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбедегі департаментінде діни дәріс оқыды деген ақпарат та тараған. Бір сұхбатында марқұм өз орнын табу үшін саяхаттап жүргенін айтқан еді. Сапар шеккенді сүйген марқұм бұл жолы келмес сапарға аттанды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде