Атырауда балық аулауға шыққан шенеуніктер оқыс оқиғаға тап болды
Атырауда бағалы балықтарды браконьерлерден қорғауға шыққан инспекция қызметкерлерінің өздері бәлеге ұрынды. Облыстағы аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясына тиесілі бірнеше көліктің дөңгелегі жарылып, жолда қалған.
Автор: Жанар Низамутдинова
29.12.2017
Бұл оқиға қала іргесіндегі балық аулап күн көріп отырған Дамбы ауылының тұсында болған. Әлдекімдер бұлардың жүретін жолдарына мынадай үшкір темірлерді қойып кетіпті. Сөйтіп, екі күннің ішінде балық қорын қорғаушылардың 6 көлігінің 20-ға жуық дөңгелегі жарылған. Абырой болғанда, көліктер аударылмапты, адамдар да зардап шекпеген. Инспекция қызметкерлері мұның бәрін өздерінен өш алғысы келген браконьерлер әдейі жасады деп отыр. Енді олар өздеріне қастандық жасамақ болғандарды тауып, жауапқа тарту үшін ішкі істер органдарына арыз түсіріп қойыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!