Қазақстанда енгізілетін ағылшындық құқық жүйесі қандай болмақ?
Астанада пайда болатын халықаралық қаржы орталығы! Конституциялық кеңес мүшелері өткен жылды қорытындылап, келер жылға жоспар құрды. Әсіресе, конституциялық құрылымның басында тұрған Мемлекет басшысының еңбегі орасан. Алматыда Тұңғыш президент қорының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде осы мәселелер кеңінен сөз болды.
Автор: Ербол Тұрымбет
29.12.2017
Елордада ашылатын жаңа қаржы орталығына қойылар міндет көп. Жеңілдетілген салық режимі мен тәуелсіз соты болатын бірегей үлгідегі мекеме тек еліміздің ғана емес, бүкіл Орталық Азияның қаржы инфрақұрылымының өзегіне айналуы тиіс. Маңызды мәселелердің бірі мемлекеттік-құқықтық жүйесін жаңғырту. Жиын қатысушыларының айтуынша, ол қазірдің өзінде басталып кеткен. Конституциялық кеңес өкілдері өткен жылғы ірі өзгерістерге де тоқталды. Елбасының билік тармақтарын бөліп беруі халықаралық қауымдастықтардың жоғары бағасына ие болды. Оған Венеция комиссиясы да оң пікір білдірген болатын.
Өмірәлі Қопабаев, Президент жанындағы құқықтық саясат кеңесінің мүшесі:
-1936-жылғы Конституцияны біз Сталиннің конституциясы деп атап кеткенбіз. 77-жылғы Конституцияны Брежневтің Конституциясы деп айтып кеткенбіз. Ал мына осы біздің Қазақстанның конституциясын біз Назарбаевтың конституциясы деп атауға толық барлық елдің ықыласы солай деп түсінеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!