Жолаушыға лық толы автобус құздан құлап кетті
Перуде жолаушыға лық толы автобус құздан құлап кетті. Қайғылы оқиға «Шайтанкөпір» аталып кеткен елдің солтүстігіндегі Пасамайо ауданындағы таулы жолда болған.
Автор: Ербол Тұрымбет
03.01.2018
Қоғамдық көлік ішінде 57 адам отырған екен. 50-і сол жерде жан тапсырған. Марқұмдар саны әлі де өсе түсуі мүмкін. Өйткені, жараланғандардың көбі хал үстінде жатыр. Автобус тау ішіндегі қауіпті бұрылыстардың бірінде басқа көлікпен соғылған деген мәлімет бар. Жүргізуші содан тізгінге ие бола алмай, 100 метрлік құзға құлап кетсе керек. Жалпы, Перудің таулы жолдары әлемдегі ең қауіпті өткелдердің бірі саналады. Тек 2016-шы жылдың өзінде мұнда 3800 жол апаты тіркеліпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!