{metadescription}
Атырау облысында жүзбелі бекет өртеніп кетті
Атырау облысында жүзбелі бекет өртеніп кетті

Атырау облысында жүзбелі бекет өртеніп кетті

Бекірелерді құрып кетуден сақтаймыз деп жүрген инспекторлар үшін ит жылы жақсылықпен басталмады. Өйткені, Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясына қарасты жүзбелі бекет өртеніп кетті.

Дамбы елді мекені маңындағы Жайық өзенінің жағасында орналасқан брандвахта тек жазда пайдаланылатындықтан қазір қараусыз қалыпты. Нысанда жылу да, жарық та болмаған. Сондықтан, өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Инспекторлардың айтуынша, 1980-ші жылдардың аяғында пайдалануға берілген жүзбелі бекет әбден ескіріп, оны есептен шығару үшін жоғары жаққа ұсыныс та беріліп қойған. Қазір бұл дерек бойынша тәртіп сақшылары жұмыс жасап жатыр. Бейресми мәлімет бойынша, бұл – балық қорын қорғайтын инспекторларға браоньерлер тарапынан жасалған қастық болуы да мүмкін. Естеріңізге салсақ, осы оқиғадан екі күн бұрын белгісіз біреулер инспекторлардың қызметтік көліктерінің жолына үштік темірлерді орнатып кеткен болатын. Соның салдарынан 6 машинаның 20 шақты дөңгелегі жарамсыз болып қалған еді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде