{metadescription}
СҚО-да жанармай бекетіне шабуыл жасаған қайкөйлер іздестіріліп жатыр
СҚО-да жанармай бекетіне шабуыл жасаған қайкөйлер іздестіріліп жатыр

СҚО-да жанармай бекетіне шабуыл жасаған қайкөйлер іздестіріліп жатыр

Солтүстік Қазақстанда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған қаскөйлер іздестіріліп жатыр. Оқиға Петропавлға жақын Пеньково ауылында болған. Жаңа жыл түні бетперде киіп, жанармай бекетіне баса-көктеп кірген екеуге кассир мен күзетші кәдімгідей қарсылық көрсетіпті.

Бұл бекеттің есігі түнгі сағат онда жабылып, клиенттерге  терезе арқылы қызмет көрсетіле бастайды екен. Қарақшылар соны жақсы  білсе керек, онға бес минут қалғанда атой салып ішке кіріп келген. Бірі күзетшіге тап берсе, екіншісі кассир келіншекпен алысыпты. Күзетші өзіне ұмтылған қаскөйді травматикалық қарумен 4 рет атып әлсіретіп, кассирге көмекке келген. Оның таяғынан қаймыққан екінші қарақшы сыбайласын алып, қашып кетіпті.  Кассир мен күзетшінің қайсарлығы  арқасында мүлдем олжасыз қалған оларды қазір тәртіп сақшылары  іздестіріп жатыр. Айта кетерлігі, осыдан екі жыл бұрын дәл осы бекетке шабуыл жасаған қарақшылар 4 миллион теңге алып кеткен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде