Елімізде жиі кездесетін аурулардың рейтингі жасалды
Мамандар жаңа жылдық мерекелер кезінде жиі кездесетін аурулардың рейтінгін жасап шығарыпты. Көш басында 38 пайыз жинап, суық тию тұр. Екінші орында жарақаттар....
03.01.2018
strong>
Ол мереке кезінде 14 пайыздан 19 ға дейін өседі екен. Ішінде жәй ғана үйде құлап, бір жеріңді сырып алудан бастап ауыр жарақатқа шейін бар. Ал үштікті асқазан-ішек аурулары түйіндеп тұр. Майлы және қуырылған тағамды түнгі уақытта тыңқия жеп алғандар ауруханадан бір-ақ шығады. Одан кейін -улану. Бұған астан және ішімдіктен ұшыну кіреді. Бесінші орында аллергиялық аурулар. Мерекелік дастархан басында цитрустық жемістер,тәттілер және балықты талғамай жеп түшкіріп-пысқырып жүреді. Тіпті тысынысы тарылып, жедел-жәрдем шақырады екен. Мамандар шырша да аллергияны қоздыруы мүмкін дейді. Сондай-ақ жаңа жыл кешінде күйіп қалу дерегі де көбейеді. Бұл сапасыз пиротехниканың салдары мен отшашу кезінде қауіпсіздікті сақтамаудың кесірінен болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!