{metadescription}
Алматыда отшашу кесірінен зардап шеккендер саны артты
Алматыда отшашу кесірінен зардап шеккендер саны артты

Алматыда отшашу кесірінен зардап шеккендер саны артты

Тойлаймын деп көзден айрылды. Алматыда жаңа жылды қарсы алу түнінде күтпеген жағдайға тап болғандар саны биыл жиырмадан асады. Оның ішінде 11 адам тап көз жарақатын алған.

Мереке кезінде 21 төтенше жағдай тіркеліпті. Оның 15-інде балалар зардап шеккен. 21адамның 11-і көзін жарақаттаса, алтауының беті күйген. Тағы 4 тұрғын түрлі күйік жарақатымен дәрігерлік көмек алыпты. Қалалық жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, денсаулығына зақым келтіргендердің ең кішкентайы 2 жаста. Барлығында да жарылғыш ойыншық қолға ұстап тұрған кезде жарылған немесе ұшып барып, денеге тиген. Айта кетсек, былтыр да Алматыда 13 адам отшашу кесірінен көзін құртып алған болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде