{metadescription}
СҚО-да жанармай бекетіне шабуыл жасаған қаскөйлер іздестіріліп жатыр
СҚО-да жанармай бекетіне шабуыл жасаған қаскөйлер іздестіріліп жатыр

СҚО-да жанармай бекетіне шабуыл жасаған қаскөйлер іздестіріліп жатыр

 

Шамасына қарамай шабуыл жасады! Солтүстік Қазақстанда жанармай бекетінің қызметкерлері бетперде киіп, кассаны тонамақ болған қаскөйлерге қарсылық көрсетіп, оларды олжасыз қалдырды. Қазір күдіктілерді тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр. 

Оқиға Петропавлға жақын Пеньково ауылында болған. Бұл бекеттің есігі түнгі сағат онда жабылып, клиенттерге терезе арқылы қызмет көрсетіле бастайды екен. Қарақшылар соны жақсы білсе керек, онға бес минут қалғанда атой салып ішке кіріп келген. Бірі күзетшіге тап берсе, екіншісі кассир келіншекпен алысыпты. Күзетші өзіне ұмтылған қаскөйді травматикалық қарумен 4 рет атып әлсіретіп, кассирге көмекке келген. Оның таяғынан қаймыққан екінші қарақшы сыбайласын алып, қашып кетіпті.  Кассир мен күзетшінің қайсарлығы  арқасында мүлдем олжасыз қалған оларды қазір тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр. Айта кетерлігі, осыдан екі жыл бұрын дәл осы бекетке шабуыл жасаған қарақшылар 4 миллион теңге алып кеткен. Ал мына жолғы қаскөйлердің әрекеті әлін білмеген әлектің керін келтірген сияқты.

Динара Сағындықова, СҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілі:

- Күзет агенттігінің қызметкері сауатты қимылдап, қарақшыға тойтарыс бере алған. Кассир келіншек те өзінен бойы биік жігітпен алыса жөнеліпті. Осының арқасында олар өз мекемелерінің мүлкін қарақшылардан аман алып қалды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде