{metadescription}
Шымкентте жертөледе күнелткен отбасыға көмек керек
Шымкентте жертөледе күнелткен отбасыға көмек керек

Шымкентте жертөледе күнелткен отбасыға көмек керек

Шымкентте бір отбасы дәріхананың жертөлесінде тұрып жатыр. Шиеттей бала-шағамен жоқтықтың зардабын тартқан апалы-сіңлілі қос әйел тіпті мемлекеттен бір тиын да көмек алмайды екен. Дәмханада ыдыс жуып, көше сыпырып, тіпті жүк тасушы болып жүрген оларға жарты жылдан бері жұмыс та бұйырмапты. Үйіндегі 17 жасар қыздың стипендиясына қарап және мешіт алдында садақамен жан бағып жүрген отбасының жағдайын жергілікті билік те жақсы біледі екен. Бірақ жәрдемақыға құжат жасап әрі үй кезегіне тұрғызып береміз деген уәдесін әкімдіктегілер ұмыт қалдырыпты. Шықпа жаным шықпа деп отырған жанұяның...

ғдайын тілшіміз Бек Әбиев көріп келді.

Бұл Шымкенттің ең бақуатты жерлерінің бірі – Төменгі Отырар ықшамауданы. Мына зәулім сарайларға қарап бұл маңайда кедей-кепшік өмір сүріп жатыр дей алмайсың. Бірақ, дәулетті үйлердің іргесіндегі дәріхананың жертөлесінде тұтас отбасы тіршілік етуде.

Жертөленің аядай ғана тар бөлмесінде 6 адам 4 жылдан бері тығылып жатыр. Жан-жақтың бәріне жыртық-жамау балалардың жуылған киімдері ілінген. Ал әбден буланған бөлме ішінде тыныстайтын ауа да аз. 36 жастағы Жанатгүл Баелова 5 жыл бұрын азаматтық некедегі күйеуі қайтыс болып, екі баласымен далада қалған соң шымкенттік кәсіпкер дәріханасының жертөлесіне жайғастырыпты. Көп ұзамай бір ұлымен ажырасқан сіңлісі де жанына келген. Шықпа жаным шықпа деп отырған отбасы жауын-шашын болған күндері тіпті қиналады екен.

Қар жауған кезде сырость болған кезде, жаңағы жаңбыр жауған кезде мына дуалдың бәрі су боп кетеді. Киім-кешектің бәрі су болады. Бірде газ күшейіп, бірде көп, бірде аз болады. Содан бала-шаға ауырады, өзіміз ауырамыз.

Үлкен қызы Арунаны екі жыл бұрын туысқан жездесі зорлап, аяғы ауыр болыпты. Жалғызбасты өрімдей ғана студент ана сондықтан жұртқа жүзін көрсетуге ұялады. Алайда 6 адамнан құралған отбасы осы студенттің 16 мың шәкіртақысына өмір сүріп жатыр. Бірде еден жуып, бірде көше сыпырып, тіпті жүк тасушы да боп істеген Жанатгүлдің өзі жарты жылдан бері үйде отыр. Сіңлісі күніге тиын-тебен іздеп көше жағалайды. Үш келіншек балалары тіркеуде болмағандықтан мемлекеттен бір тиын да жәрдемақы алмайды екен. Жарты жыл бұрын құжаттарын реттеп, үй кезегіне қоямыз деген шенеуніктер де ізім-ғайым жоғалыпты.

Жанатгүл Баелова, Шымкент қаласының тұрғыны;

-Документтері тура емес. Пропискалары жоқ. Күйеуіммен некеде болмағанмын. Күйеуім о дүниеге өтіп кетті. Сонымен некеде жоқ. Бала-шағаны дәлелдей алмай отырмыз. Пропискаға қоймайды. Үйдің кезегіне. + 100 мыңдай қарызым бар. Осы бірінен соң бірі ауырады. Біреудің киім-кешегі бар. Өзім ауырам. Дәрі-дәрмектің бәрі қымбат қазір.

Жанатгүл балаларына біздің көзімізше түстік асын берді. Онысы асқабақ, картоп пен пияздан жасалған быламық қана. Кішкентайларын тойдырған ана өзі бүгін нанды ғана қорек қылуға мәжбүр. Үйінде тағы екі рет жүрек жалғайтын азық-түлік қалды. Ал кішкентайынан тұрмыс тауқыметін көрген ұлы Бағдат бізге өз арманын айтып берді.

Бағдат Баелов, Жанатгүлдің ұлы;

- Үй салсам, бауырларымды тұрғызсам. Мамамды тұрғызсам. Үлкейген кезде ақша тапсам, жұмыс істесем. Ақша тапсам. – Оны неғыласың ақшаны? – Әдемі киімдер әперем мамама, ініме, әпшеме, өзіме. Үйді әдемілеп істеймін. Сәндеп қоямыз. Шырша аламыз. Аяз ата шақырамыз.

Тілшілер келгенін естіген Әл Фараби ауданының әкімдігі телефонмен хабарласып, осы аптадан қалдырмай бұл отбасының құжаттарын түгелдеп береміз деп уәдені үйіп-төгіп жатыр. Тіпті, үй кезегіне де қоймақшы екен. Кедейліктен қажып, әркімге жалтақтаған отбасы болса шекпенділердің сөзіне тағы сенді. Ендігі бар үміт – шымкенттік шенеуніктер мен қайырымды жандарда ғана.  

Көмек қолын созғысы келетіндер үшін байланыс телефондары:

Жанатгүл 8705 976 30 82;  8702 984 99 65;   Айжан (сіңлісі) 8771 385 26 24 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде