{metadescription}
Мыңдаған ирандық билікті қолдап көшеге шықты
Мыңдаған ирандық билікті қолдап көшеге шықты

Мыңдаған ирандық билікті қолдап көшеге шықты

Тараптар текетіресі. Мыңдаған ирандық бүгін билікті қолдап көшеге шықты. Қолдарына ту мен аятолла Әли Хоменеидің суретін көтеріп, әдеттегідей батысты айыптап ұрандаған...

trong>мыңдаған адам осылайша Үкімет жағында екендерін жеткізбек болды. Ал осы тұста, бір аптадан бері билікке қарсы наразылықтар елдің басқа аймақтарында ушығып тұр.

Бір аптадан бері Иранның берекесі кетті. Қазіргі жағдайға көңілі толмайтын адамдар бас көтеріп жатыр. Негізі ереуілдер азық-түлік бағасының қымбаттауына қарсы басталған еді. Артынша билікке қарсы ұрандар айтылып, саяси талаптар қойыла бастады. Жұрт елдің рухани көсемі, аятолла Әли Хоменеи мен президент Хасан Руханидің биліктен кетуін талап етіп жатыр. Ресми мәлімет бойынша, қазір Илам мен Ахваз қалаларында жағдай ушығып тұр. Текетіресіп, ширыққан шудың салдарынан 20-дан астам адам мерт болған. Президент Хасан Рухани бұл бүлікті кей топтар өз мүдделеріне пайдаланып отыр деп тұрғындарды тыныштыққа шақырды. Әзірге, ереуілге шыққандар президенттің сөзіне құлақ аспай тұр. Ал Хоменеи тіпті бүлікке тапсырыс беруші деп Израиль мен АҚШ-ты атады. Бақылаушылар мұндай бүліктің 2009-шы жылдан бері болмағанын айтады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.