{metadescription}
Өткен жыл авиация тарихындағы ең қауіпсіз жыл болып саналды
Өткен жыл авиация тарихындағы ең қауіпсіз жыл болып саналды

Өткен жыл авиация тарихындағы ең қауіпсіз жыл болып саналды

Өткен жыл авиация тарихындағы ең қауіпсіз жыл болып саналды. Голландиялық консалтинг фирмасы сарапшыларының есептеуйінше, былтыр коммерциялық бағыттардан ешкім зардап шекпепті....

strong>Дегенмен, мүлде қауіпсіз деп айтуға тағы келмейді. 2017 жылы 79 адам ажал құшты. Олар жүк тасымалдау ұшақтары мен шағын авиация жолаушылары болған екен. Қайғылы жәйттар Қазақстанды да айналып өткен жоқ.

Әуеде ұшу қауіпсіз бола бастады. Голландиялық мамандар осылай дейді. Олардың есептеуінше, былтырғы әуе тасымалы кезінде жан тапсырғандар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда анағұрлым аз екен. 2016 жылы 300-ден астам адамның өмірі қиылыпты. Дәл осы дерек еуропалық сарапшылардың жағымды қорытынды жасауына сеп болса керек.

Әлемдік статистика әлдеқайда аз болғанымен, қазақстандықтар үшін көңіл көншітпейтін жыл болғаны анық. Қазақстан аспанында 8 апатты жағдай болып, одан барлығы 11 адам қаза тапты. Солардың бірі шілде айында Жаркенттің түбінде болды. Егістікке дәрі себуге шыққан Як-12 шаруашылық ұшағы құлап, ішіндегі қожалық басшысы мен ұшқыш көз жұмды.

Ислам Ибраимов, куәгер:

-Бомба сияқты жарылды. Мен көліктің дөңгелегі жарылды деп ойлағам. Жетіп келсем, қою түтін бұрқырап жатыр. Шамамен бір минуттан кейін жарылды. Қарасам, ішінде ұшқыш пен тағы біреу бар екен.

Ал еліміздегі ең үлкен әуе апаты қазан айының басында болды. Ан-28 санитарлық авиация ұшағы Алматыдан Шымкентте ауыр халде жатқан әйелге жетулері керек болған. Бірақ, көкке көтерілген соң 12 минуттан кейін радардан жоғалып кеткен. Сөйтсе, Алматыдан 28 шақырым жерде құлаған болып шықты. Ішіндегі адамдардың бәрі қаза тапқан.

Ал әлемдік деректерге айналып соқсақ, 2017 жылдың ең үлкен әуе апаты Қырғызстанда болыпты. Boeing-747 жүк тасымалдау ұшағы Дача-Суу ауылының маңында опат болған. Онда 39 адам көз жұмды. Дегенмен, айта кетерлігі, осынша жантүршігерлік жағдайларға қарамастан, әуе апатынан зардап шегушілер қатары жылдан-жылға кеміп келеді екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде