{metadescription}
Экологтар Балқаш көлінің тартылып бара жатқанына алаңдаулы
Экологтар Балқаш көлінің тартылып бара жатқанына алаңдаулы

Экологтар Балқаш көлінің тартылып бара жатқанына алаңдаулы

Балқаш та тартылып барады. Экологтар осылай деп дабыл қағуда. Қарағандылық мамандардың зерттеуіне сенсек, көлге құйылатын өзендер ластанып, саласы бітеліп қалған.

Жергілікті экологтар жүргізген зерттеулерінің нәтиежісін қағазға түсіріп, табиғатты қорғау прокуратурасына өткізіпті. Негізі Балқаш көлінің тұрмыстық қалдықтардың тасталынуы мен қамыстың қаулай өсуінен жағасы батпақтақтанып бара жатқандығы жайлы бұған дейін талай айтылған. Сол кезде көлді тазартуға бюджеттен 170 млн теңге бөлініпті. Бірақ одан нәтиже шықпаған сыңайлы. Сексен жылға жуық «мыс алыбы» атанып келе жатқан Бал­қаш қала­сының төңірегі де әбден ластанған дейді экологтар. Осын­дағы кәсіпорындардан ауа­ға көтеріліп, топыраққа сіңіп, суға шөгетін залалды заттар тағы бар. Экологиялық жағдайының нашарлауының екінші себебі –Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендері суларының Балқаш көліне жетпей, суармалы егістерге пайдаланудан деп пікір айтыпты мамандар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде