{metadescription}
Елімізде белгісіз дертке шалдыққан 4 бала ем таппай қиналуда
Елімізде белгісіз дертке шалдыққан 4 бала ем таппай қиналуда

Елімізде белгісіз дертке шалдыққан 4 бала ем таппай қиналуда

Аты жоқ ауру! Елімізде белгісіз дертке шалдыққан 4 бала ем таппай қиналуда. Жасөспірімдердің буын-буыны сырқырап, аяқ-қолы қақсайды. Отандық дәрігерлер оларға жыл сайын түрлі диагноз қойып, туғандарының әбден басын қатырған. Ақ халаттылар жазып берген дәрілерді  ішкен науқастардың шашы түсіп, тіпті, кейбірінің көзі көрмей қалыпты. Енді дәрігерлер әр ампуласы 3 миллион теңге тұратын препаратты сатып алыңдар  деген. Амалы таусылған ата-аналар енді Денсаулық сақтау министрілігінен  балаларды шетелге жіберіп, нақты диагноз қоюды талап етуде.

Елімізде ауруы анықталмаған төрт науқас бар. Олар Астана, Қарағанды, Қостанай мен Семейде тұрады. Төртеуі де кәмелеттік жасқа толмаған қыз бала. Мәселен, қостанайлық 15 жастағы Наталья 6 жыл бойы белгісіз дертпен күресіп келеді. Ол алғаш рет суық тиіп ауруханаға түскен.  Дәрігерлер медициналық көмек көрсетіп, үйіне жібереді. Бірақ, бұдан Натальяның беті бері қарамайды. Уақыт өте буындары сырқырап, жүріп-тұруы қиындаған.

Наталья Долженкова:

-Буындарым ауыра бастады. Қимылды азайттым, жатқым келеді. Қазір ауруханадан көз ашпаймын. Үнемі түрлі дәрі ішемін. Көбіне ішім оттай жанып тұрады. Осы дерттен арылсам деп армандаймын.

Сырт көзге Наталья 9 сыныптың оқушысына ұқсамайды. Биологиялық, гармондық күшті дәрілер ішкеннен, денсаулығы күрт нашарлады дейді анасы. Шашы түсіп, сиреп қалған, үнемі дене қызуы көтеріңкі. Ең қиыны – отандық дәрігерлер жасөспірімге жылда түрлі диагноз қойып, емін таппай жүр. Енді ақ халаттылар елде жоқ «канакинумаб»  деген препаратты жазып беріпті. Ол дәрінің әр ампуласы 3 миллион теңге тұрады. 

Елена Мамакина, Қостанай қаласының тұрғыны:

- Бізді шетелге, ең болмаса мына тұрған Ресейге жіберіп, нақты диагноз қойып беруді талап етемін. Жалғыз перзентім үшін бәріне дайынмын. Денсаулық министрлігі ем-домына квота арқылы қаржы бөлсін. Баламның денсаулығы нашарлап барады.

 

Астаналық Алина да 6 жылдан бері үйде отыр. 13 жастағы қыздың аяқ-қолы қақсайды. Дәрігерлер айтқан препараттарды үзбей ішіп, салдарынан көзі көрмей қалған соң, қазір дәріні мүлдем тоқтатыпты. 

Сайлау Қалиев, Астана қаласының тұрғыны:

-Дұрыс диагноз қоймаған. Күшті препараттарды ішіп, иммундық жүйесі мен бауырын зақымдап алды. Көкбауыры да дұрыс істемейді. Яғни, ауру үстіне ауру қосып берді.

Амалсыздықтан ата-аналар Денсаулық ақтау министрлігіне талай рет хат жазған. Олар Елжан Біртановпен жеке кездескен де екен. Министр бұл мәселені өзі шеше алмайтынын ашық айтыпты. Алайда, әкімдерге хат жазып,  жергілікті бюджеттен ақша бөлуді сұраймын деп уәде берген екен. Бірақ, Бас дәрігердің сөзі әлі іске аспаған. Атқамінерлерден де хабар жоқ. Сондықтан белгісіз ауруға шалдыққан жасөспірімдердің жанайқайын министрге журналистер де жеткізген еді. Жауабы мынадай болды:

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

-Адамдар халықаралық стандартқа сай келмейтін  дәрі-дәрмекті тегін беріңдер деп жиі сұрайды. Әр препарат сапа бойынша комиссиядан өтуі тиіс. Ол дәрі ғылыми түрде дәлелденуі қажет. Әйтепсе, көп жағдайда алаяқтар азаматтарды алдап, тіркелмген препаратты ұсынады. Науқас балалардың  ата-анасы министрлікке хат жазсын.

Яғни, Біртанов төрт баланың ауруын алғаш естігендей кейіп танытты.  Соған қарағанда, ата-аналардың министрмен кездесу кезіндегі айтқан өтініші де елеусіз қалған сынды. Оның үстіне, бас дәрігер шетелдік фармкомпаниялар үшін үш-төрт балаға қымбат препарат жеткізіп беру тиімсіз дейді. Сондықтан, «канакинумабтың» мемлекет есебінен тегін таратылатын дәрілер тізіміне бүгін-ертең кірмейтін түрі бар. Ал көмекке мұқтаж төрт баланың денсаулығы күн санап нашарлап барады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.