{metadescription}
Ақтөбеде тұрғындардың не үшін тоңып отырғаны анықталды
Ақтөбеде тұрғындардың не үшін тоңып отырғаны анықталды

Ақтөбеде тұрғындардың не үшін тоңып отырғаны анықталды

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйде тұрғындарының не себепті тоңып отырғаны белгілі болды. Желтоқсан айында көптеген адамнан салқын баспанада тұрып жатқаны жөнінде әкімдікке шағым түскен еді.

Мерекелік демалыстан кейін енді жұмысқа кіріскен шенеуніктер жаураған жұрттың жайымен танысуға бүгін келді. Атқамінерлер жағдайдың нақты себебін білу үшін алдымен көпқабатты үйлерге жылу беретін қазандықты барып көрді. Сөйтіп, мәселенің неден туындағаны осы жерде анықталды. Мамандардың айтуынша, үйдің ішкі жүйесі дұрыс болмай, сол себепті көпқабатты үйге жылу жөнді жетпеген. Қазір тиісті орындар осы мәселені реттеуге білек сыбана кірісіп жатыр. Ал, үйді басқарушы компанияның басшысы тағы қосымша қазандық керектігін айтты. Яғни күннен-күнге өсіп жатқан ықшамауданға бұл артық болмайды дейді. 

Бақыт Маханов, басқарушы компания басшысы:

-Қазандық қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Қазір оған қатысты шағым едәуір азайған. Бізде 4 жарым мың абонент бар. Осылардың кейбіріне ғана жылу әлі жөнді жетпей жатыр. Комиссия әлі де жұмыс істеуде. Кем-кетіктер  толық анықталған соң, бұл мәселені толық шешуге күш саламыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

12 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде