Астана автобустарында билетсіз жүргендерге жаппай айыппұл салынып жатыр
Қоғамдық көлікке мініп, ақшасын қимайтын жолаушыларды енді бақылаушылар мен полицейлер бірігіп ұстауға көшкен.
Автор: Досжан Маратұлы
04.01.2018
Бақылаушылардың күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, күнде рейд жүргізуі бекер емес. Бас қаланың қоғамдық көліктерінде электронды төлем жүйесі енгізілгелі жол ақысын төлемейтіндер көбейген. Яғни, «астра» картасын арнайы автоматқа тигізу арқылы төлем жүргізбейді екен. Ал, мұндай картасы жоқтар 90 теңгеге билет сатып алуы тиіс. Жол ақысын төлемейтіндер әсіресе, таңертеңгі және кешкі қарбаластарда көбейеді. Мұндай заңбұзушылық үшін 5 мың теңгеге жуық айыппұл салынады. Бірақ тексерушілерден сескенді ме, әйтеуір бірнеше сағатқа созылған рейд кезінде билетсіз жолаушылар болған жоқ.
Тұрарбек Бердеш, Астана қалалық Көлік бақылау департаментінің қызметкері:
- Мәселен, 3 қаңтарда 3 заңбұзушылық анықталып, хаттама толтырылды. Әкімшілік хаттаманы жергілікті полиция қызметі толтырады. Солардың құзырында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!