{metadescription}
Теміртау билігі қаланы жаңа жыл мерекесіне орай безендірген фирманы сотқа берді
Теміртау билігі қаланы жаңа жыл мерекесіне орай безендірген фирманы сотқа берді

Теміртау билігі қаланы жаңа жыл мерекесіне орай безендірген фирманы сотқа берді

Атқамінерлердің айтуынша, осы іс бойынша тендерді жеңіп алған мекеме шаһарға шыршаларды орнату жұмыстарын кешіктірген.

Теміртауды мерекеге дайындауға қатысты тендерді астаналық фирма қараша айнының аяғында жеңіп алған. Олар қалаға 12 метрлік екі шырша орнатып, орталық көшенің 8 жеріне түнде жанып тұратын мүсіндер ілуі керек болған. Алайда бұл жұмыстар желтоқсанның аяғына дейін созылып кетіпті. Ал соңғы мерзім 25-ші желтоқсан деп белгіленген екен. Алайда шыршалар әупірімдеп жүріп, желтоқсаннның 28-інде ғана тұрғызылыпты. Оған жергілікті әкімдік 9 миллион теңге төлеген. Ал фирмадағылардың мүсіндерді орнатуға тіпті уақыттары қалмапты.

Низами Гаджиев, Теміртау қаласы ТКШ бөлімінің басшысы:

-О бастан-ақ істері өнбей, жұмысты кешіктіре бастады. Бірнеше рет кездесіп, себебін де сұрадым. Астаналық мекеме болған соң шыршаны жеткізудің қамын ертерек ойлаулары керек еді. Ақыр аяғы 2 миллион 800 мың теңге игерілмеді. Осыған байланысты сотқа беруге мәжбүр болып отырмыз

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.