Қазақстанның үш бірдей сайтына киберқастандық жасалды
Есепшілер мен заңгерлерге арналға порталдардан шамадан тыс мөлшерде майнерлер табылған.
04.01.2018
Бұл туралы кибершабуылға қарсы орталық мамандары мәлімдеп отыр. Майнер дегеніміз- сіздің компьютеріңіздегі электронды ақшаны жымқыру үшін қолданылатын скрипт. Егер сіз күмәнді сайтқа кірсеңіз бірден майнер қолданылады. Ол компьютер ресурстарын өзіне жүктеп алып, криптавалюта сатып алады. Қастандық есепшілер мен заңгерлер жүгінетін balans.kz, kodeks.kz және urist.kz. сайттарына жасалған. Бұл парақшаларға кірген қолданушылар Троян вирусын жұқтырулары да мүмкін. Оның кесірінен қаржылық ұйымның бухгалтерлік есеп-қисаптары бүлінеді немесе ондағы ақпараттарды хакерлер өз мақсаттарында пайдаланып кетеді деген сөз. Кибер қылмысқа қарсы күрес мамандары, аталмыш порталдардың жұмысын желілік администраторлары толық реттегенше онда кірмеуге кеңес береді. Жалпы елімізде сайттарға қастандық жасау оқиғасы соңғы кездері жиілеп барады. Өткен айда ғана сарапшылар 50 майнерді анықтаған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!