{metadescription}
Отандық криптоволюта қауымдастығы биткоинды заңдастыруды сұрап отыр
Отандық криптоволюта қауымдастығы биткоинды заңдастыруды сұрап отыр

Отандық криптоволюта қауымдастығы биткоинды заңдастыруды сұрап отыр

Соңғы кездері құны еселеп өсіп жатқан электронды ақшаның сауда-саттығы қазір елімізде заңмен бекілітілмеген.

Есет Бутин, Қазақстан блокчейн және криптовалюта қауымдастығы кеңесінің төрағасы:

-Қазір криптоволютаға қызыққан қазақстандықтар шетелдің нарығында жүр. Әсіресе, Ресей, АҚШ пен оңтүстік Кореядан электронды ақша сатып алатын жерлестеріміз көп. Егер криптовлютаны реттейтін заң қабылданса, өзіміздің нарық пайда болады. Әрі ақшаны шетелге шығарарда туындайтын түрлі сұрақтар болмайды.

Ал, әзірге ТМД елдері арасында биткоинды заңдастырған жалғыз Беларусь. Мұнда қазір криптовалюта айырбастау пункттеріне дейін ашылған. Елімізде де осылай көрінбейтін ақшаның саудасын реттеу керек деген мамандар электронды ақша сатып алу үшін несие алып немесе пәтерді сатудың қажеті жоғын айтады. Өйткені, сандық ақшаның бағамы өсіп жатқанымен, соңғы кездері тұрақсыз. Соңғы мәліметтер бойынша 1 биткоинның құны 15 мың доллар шамасында. Кейбір сарапшылар оның құны құлдырайтынын айтса, енді бірі криптовалютаның тағы үш есе аспандайтынын айтып отыр. Бірақ, бұған ешкім кепілдік бере алмайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде