Елімізде 18 жасқа дейінгі ұл-қыздарға жаппай санақ жүргізілгелі жатыр
Өйткені, Қазақстанда бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің нақты саны белгісіз екен. Омбудсмен Зағипа Балиеваның айтуынша, бұл бастаманың тиімді тұсы көп.
Автор: Досжан Маратұлы
05.01.2018
Зағипа Балиева, Мәжіліс депутаты:
-Балабақшаға қанша бала барады? Қыркүйек айында енді қанша бала бірінші сыныпқа келеді? Қанша бала ЖОО-на дайындалып жатыр? Оны ешкім білмейді. Миграция бойынша, ата-аналар бір аймақтан басқа аймаққа көшсе, бала кішкентай болса, ол жерде балаға балабақша дайындау керек. Мектеп дайындау керек. Денсаулық саласында тіркеуге алу керек. Сондықтан балалардың құқығын түгел сақтау үшін менің ойымша сондай тізім болуы керек.
Сондықтан мәжілісмен бірнеше ай бұрын балалардың тізімін жасап, арнайы база құру туралы премьер-министрге депутаттық сауал жолдаған болатын. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев мұндай бастаманы бірден қолдаған. Енді Білім министрлігі ұл-қыздарға санақ жүргізіп, ақпараттық база құрмақшы. Онда балалардың туғанынан бастап, мектепгегі үлгеріміне дейін толық ақпарат болады. Бірақ, мұндай тізімнің қашан жасалатыны әзірге белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!