{metadescription}
АҚШ-та жауған қалың қар тіршілікті тұралатып тастады
АҚШ-та жауған қалың қар тіршілікті тұралатып тастады

АҚШ-та жауған қалың қар тіршілікті тұралатып тастады

АҚШ қар құрсауында қалды. Елдің шығыс бөлігіне төнген суық циклон америкалықтарды әбігерге салуда. Нью-Йорктан Флоридаға дейін борандатып жауған ақ ұлпаның биіктігі жарты метрге жеткен.

Салдарынан Нью-Йорк, Бостон, Филадельфия сияқты ірі қалаларда мектептер мен мемлекеттік мекемелер жабылған. 50 мыңға жуық адам жарықсыз қалды. Табиғаттың шәлкес мінезі ұшақтардың әуеге көтерілуіне мүмкіндік бермеуде. Кешелі бері төрт мыңға жуық рейс кейінге шегерілді. Қаланы ақ қар, көк мұздан тазалауға төтенше жағдай қызметкерлері жұмылдырылған. Синоптиктер Атлант мұхитының жағалауына келген циклонға «метереологиялық бомба» деген айдар тағып үлгерді. АҚШ-та боран кесірінен соңғы күндері 16 адам қаза тапқан. Оның жетеуі көк тайғақта болған жол апатынан ажал құшыпты. Мұндай бұрқасын АҚШ -та соңғы он жылда болмаған екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде