Теңге нығайды
КАСЕ-дегі күндізгі сауда қорытындылары бойынша ұлттық валютаның долларға шаққандағы ең төменгі бағамы 329 теңге 74 тиынды құрады. Қара алтын қымбаттай бастағалы, бір күннің ішінде доллар 2 теңге 29 тиынға арзандаған. Бүгін ақша ауыстыру орындарында 1 доллар 330 теңгеден саудаланып жатыр. Рубль мен еуроға да соған лайықталып, құнын өзгерткен. Ал Ұлттық банк бүгінгі ресми бағамды 332,42 теңге етіп бекітіп қойыпты. Жаңа жылдың алдында бұдан да төмен болған еді. Ақша айырбас орындары болса, АҚШ валютасын 330-дан сатып алып, 331-332 теңгеден сатып жатыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
05.01.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары