{metadescription}
Жемқорлық дауымен аты шыққан "Ақтөбе" футбол клубын басқаруға танымал футболшы келді
Жемқорлық дауымен аты шыққан "Ақтөбе" футбол клубын басқаруға танымал футболшы келді

Жемқорлық дауымен аты шыққан "Ақтөбе" футбол клубын басқаруға танымал футболшы келді

Еліміздегі үздік ойыншылардың бірі – Самат Смақов «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры болып тағайындалды. Ол спорттағы мансабын аяқтады. Смақовтың әрі осы «Ақтөбе» командасының экс-капитаны екені мәлім. Бұған дейінгі клубты басқарғандармен салыстарғанда Смақов спортшылар мен жанкүйерлердің зор қошеметіне ие. Аймақ шенеуніктері сондықтан да осы лауазымға соны таңдаса керек. 

Қазақ футболының бірнеше дүркін үздік шабуылшысы деп танылған Самат Смақов соңғы уақытта «Ордабасы» клубында өнер көрсетіп жүрген.   39 жасында спорттағы мансабын аяқтаған аяқ доп шебері енді өзін басшылық қызметте сынап көрмек. Смақов «Ақтөбе» клубын бес саусағындай біледі. Әр ойыншының мінез-құлқы да оған жақсы таныс. Өйткені өзі осы команданың капитаны есебінде алаңға шығып, біраз жетістіктерге бірге жеткен.   

Қайрат Бекенов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:

-Самат Смақовты сіздер өте жақсы білесіздер. Ол – өзінің өмірін футболға арнап келе жатқан азамат. Футбол үшін жанын беретін адам. Самат Ақтөбе футбол клубы үшін аянбай еңбек етіп, көптеген ізбасарларын тәрбиеледі. Енді ол бас директор ретінде жаңа бағытта жұмыс істемек. Оған қолдау көрсетейік. 

Дәл осы лауазымға Самат Смақовтың таңдалуы бекер емес. Өйткені қазір клуб қиын жағдайды бастан өткеруде. Қаржыландыру едәуір қысқартылып, клубқа қымбат ойыншылар мен легионерлерді тарту қиынға соғып жатыр. Ал бұған өткен жылғы дау себеп. Клубтың бұрынғы бас директоры Дмитрий Васильев ойыншылар мен өзіне негізсіз сыйақы жазғызып, түбі қазынаны 240 млн. теңгеге шығынға батырған. Осы қылмысқа өңірдің сол кездегі спорт басқармасының басшысы Ескендірбек Махановтың да қатысы болып, екеуі 7 жылдан жаза арқалаған еді. Енді Смақовтың алдында басқарма мен клубқа жағылған қара дақты жуып-шаю міндеті тұр. 

Самат Смақов, «Ақтөбе» ф/к бас директоры:

-Бүгінен бастап өте қиын жұмысқа білек сыбана кірісеміз. Алдын ала мәлімдеме жасап, уәдені үйіп-төге алмаймын. Бәрі уақыт еншісінде. «Ақтөбе» футбол клубы үздіктер қатарынан көрінуі үшін бар күшімізді саламыз.

Расымен бұл – Смақовтың нағыз сыналатын шағы. Дегенмен, Оған клубты басқару аса қиынға соқпауы керек. Өйткені ол спортшылар мен жанкүйерлердің зор қошеметіне ие. Бірақ қарызға белшеден батқан ұжымды дағдарыстан  шығару қолынан келеді ме? Әрі өзі үздік ойыншы болғанымен, үздік команда жасақтай алады ма? Міне осы сауалдар қазір көптің көкейінде.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде