Ақмола облысында киікті қорлағандарға жарты миллион айыппұл салынбақ
Ақмола облысында ақбөкенді қорлағандар қылмыстық жауапқа тартылады! Ауыл шаруашылығы министрлігі киікті ұстап алып, үстіне мінген азаматтарға қатысты полицияға арыз жазды. Сақшылар жануарды зорықтырғандарды іздестіріп жатыр.
Автор: Жәудір Оразхан
05.01.2018
Қорғалжын қорығының аумағында бір топ адам алдымен ақбөкенді көлікпен қуып, әбден шаршатқан. Ентіккен киікті ұстап алып, кезек-кезек фотоға түсіп жатыр. Тіпті, үлкендермен еріп жүрген бала жануардың үстіне мініп алған. Кейін әбден әлсіреген киікті жібере салады. Мұндай жағдайда ақбөкен өліп қалуы да мүмкін дейді мамандар. Қызық қуғандар бұл қылықтарын видеоға түсіріп, интернетке жариялапты. Енді Ауыл шаруашылығы министрлігі киікті қорлаған отбасы мүшелеріне қатысты шара қолдануды сұрап, полицияға арыз жазды. Күдіктілер ұсталса, 500 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуі мүмкін немесе екі айға абақтыға жабылады.
Сәкен Ділдахмет, Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкері:
-Қазіргі таңда үлкен басты проблемалардың бірі - халықтың, азаматтардың қарапайым селфи, фото, видео материалдары үшін осындай жабайылыққа баруы ашындырады. Яғни, бұл қоғамның жануарға табиғатқа деген сыйластығының жоқтығын көрсетеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!