{metadescription}
Алматы облысында  жоғалған келіншек табылды
Алматы облысында  жоғалған келіншек табылды

Алматы облысында жоғалған келіншек табылды

Дүйім жұртты босқа дүрліктірген! Алматы облысында із-түссіз жоғалып кеткен келіншек аман-есен табылды. Ол отбасында кикілжің туып, шиеттей 2 баласы мен күйеуін әдейі тастап , сауық қуып кетіпті. 

Көбейхан Нұрахмет, Алматы облыстық ІІД ресми өкілі:

- Бүгін 4-інен 5-іне қараған түні Алғабас ауылында табылып отыр. Күйеуіне туыстарына хабар берілді.

24 жастағы Сандуғаш Бақтиярқызы арада бір  апта өткенде танысының  үйінен табылып отыр. Ол мереке алдында үйінен шығып, сол күйі хабарсыз кеткен. Ұялы телефоны да өшірулі болды. Ал, жақындары оны ойлап, сары уайымға салынған. Әйелін жоғалтып алған отағасының денсаулығы сыр берсе, бұрыннан ауру балаларының әбден мазасы қашыпты. Сөйтіп, тек тума-туыс емес, күллі Түрген ауылы келіншекті сабыла іздеді. Әдейі қашып кеткен ол полицейлерді де әбден әбігерге салған. 2 баланың анасын табу үшін сақшылардың бармаған жері қалмапты. Суреттерін де жер-жерге ілген. Енді, ондаған адамды дүрліктірген оқиғаның нақты мән-жайын да сол мамандар анықтамақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде