Алматыда 3 жасар баланың анасына іздеу жарияланды
Өзін Бағдан деп таныстырған балақайдың туыстары табылар емес. Баласын белгісіз біреуге қалдырып кеткен көкек ана сол күйі оралмапты.
Автор: Аида Мағыпар
05.01.2018
Бұл баланы полиция қызметкерлері осыдан екі апта бұрын балаларды бейімдеу орталығына жеткізген екен. Олардың айтуынша баланы 2 ай бой бөтен келіншек баққан. Себебі, көкек ана баласын қарай тұр деп қалдырып, сол күйі оралмапты. Бүлдіршін не анасы жайлы, не жақындары жайлы еш нәрсе айтпайды.Тіпті, сәбидің жасы да, аты да нақты емес. Бала өте тәртіпті, адамды жатырқамайды. Бейімдеу орталығына тез үйреніп, мұндағылармен тез тіл табысып үлгеріпті. Алайда, осы күнге дейін бүлдіршінді іздеп келген тірі жан жоқ.
Райса Сейполда, Кәмелетке толмаған бейімдеу орталығы директорының міндетін атқарушы:
-Баланы іздеп ешкім келмеді. Сондықтан біз бүгін баланы көрсетейік дедік.Өйткені кімде кім біліп жатса әрбір мәлімет бізге өте қымбат. Бала анасы жайлы бір нәрсе айтпайды.Бала өзі көбіне орыс тілді.Кім оған жақсы көңілмен қараса сол адаммен еріп кете береді.Өте жақсы бала
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!