{metadescription}
Талғат Ермегияев қайта шатылып жатыр
Талғат Ермегияев қайта шатылып жатыр

Талғат Ермегияев қайта шатылып жатыр

«Экспо-2017» Ұлттық компаниясының экс-төрағасын полицейлер түрмеде жатқан жерінен тергеу изоляторына  алып келген.

Бұған атышулы экс-төрағаның ЕЦ 166/10 түзету мекемесінің тәртібіне бағынбауы себеп. Өйткені, бұған дейін Ермегияевтың колония басшылығымен ауыз жаласып, қапаста шалқып өмір сүргені анықталған еді. Яғни, қалаған уақытында жақындарымен кездесіп, смартфон ұстаған. Әрі камера ішінде алкагольді ішімдік ішіпті. Ал, экс-төрағаға осылай қолайлы жағдай жасаған түрме басшылары қызметінен қуылып, олар да қазір қамауға алынған. Енді Ермегияев осы түрме ішіндегі былық бойынша тергеушілерге жауап беріп жатқан секілді. Тіпті, тергеу изоляторына ауыспай тұрып, экс-төраға тәртіп бұзғаны үшін жаза ретінде 5 күн карцерге де жатып шыққан.

Ағылай Тұрланова, ҚР ІІМ Қылмыстық атқару комитеті басқармасының бас сарапшысы:

-Ол тәртіпті қасақана бұзушы деп танылды. Оның алдында жазасын жеңілдетілген тәртіпте өтеген. Қазіргі уақытта тергеу істерінің жүргізілуіне байланысты Ермегияев Астана қаласындағы тергеу изоляторында ұсталуда. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде