{metadescription}
Алматыда парамен ұсталған танымал актер қылмыстық жазадан айыппұлмен құтылуы мүмкін
Алматыда парамен ұсталған танымал актер қылмыстық жазадан айыппұлмен құтылуы мүмкін

Алматыда парамен ұсталған танымал актер қылмыстық жазадан айыппұлмен құтылуы мүмкін

Алматыда белгілі актер Ерлан Біләл парамен ұсталды. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театырының директоры мереке кезінде көлеңкелі табыспен қалтасын қампайтпақ болған көрінеді. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Біләл театр ғимаратында балаларға жаңа жылдық кеш өткізуге берген рұқсатын 1 жарым миллион теңгеге бағалаған. Актердің қолына сол ақшаны алып жатқанда кісен салыныпты.

Актердан директорға дейін көтерілген Ерлан Біләл 2015-тің көктемінен әкем театрды басқарып келді. Ел алдында жүрген азаматтың басы шатылуы көпшілік көңілін қаңтардың қытымыр аязындай қарып өтті. Әлеуметтік желіде желдей ескен алып-қашпа әңгімеге ә дегенде көбі сенбеген. Бірақ, жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайтынын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюродағылар растады.

Нұрлан Жахин ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

-Өзінің ғимаратындағы  яғни басшылық ететін театрда кішкентай балаларға арналған ойын сауық кештерін өткізу бойынша яғни ғимаратты , орынды жалға беру бойынша осы заңды тұлғадан 1,5 млн теңге сомасында пара талап еткен. Қазіргі уақытта күдіктіге байланысты ҚР ҚК 366 бабы, екінші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осылайша, құлқынға қарсы тұрар қауқардың жоқтығы жарға жықты. Бір жарым миллион теңге жылдар бойы жырымдап, тірнектеп жиған абыройды бір-ақ сәтте шелектеп төкті. Ерлан Біләл да кінәсін бірден мойындаған. Мұнысын ескерген құзырлы органдар белгілі актерді қолхатпен бостандыққа жіберіпті. 

-Кім бар директордың орнында?

-Демалыс.

-Ешкім жоқ, бәрінде демалыс.

Басшысыз қалған театр, жұтта қалған үйдей қаңырап тұр. Театрда жауапты адамдардан жан баласы жоқ. Бастықтан бастап бәрі демалысқа шығып кеткен көрінеді.

-Сол болашақ үшін бір шөмшектей, бір кірпіштей болса да кесек қалап кетсем, армансызбын.

Сахнада Абай болып толғанған Ерланның бұл жолы қалаған кірпіші үгітілді. Өкінішке толы ойсыраған кетіктің қашан бекитіні әзірге белгісіз.

-Ерлан Біләлға қатысты қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Қолымен істегенді, мойнымен көтеріп, кінәсін мойындағандықтан оның жазасы да жеңілдеуі мүмкін. Сахнада талай кейіпкерді сомдаған актер үшін өміріндегі енді ең қиын рөл түскендей. Оны қалай «ойнап» шығарына уақыт таразы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде