{metadescription}
Атыраудың ауасын ластаған ірі алпауытқа айыппұл салынды
Атыраудың ауасын ластаған ірі алпауытқа айыппұл салынды

Атыраудың ауасын ластаған ірі алпауытқа айыппұл салынды

Жазасы  - 22 миллион теңге! Атыраудың ауасын қара түтінмен ластаған мұнай өңдеу зауытына осындай көлемде айыппұл салынды. Бұл қаржыны зауыт наурыз айына дейін төлеуі керек.

Жолдасқали Телағысов, Атырау облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:

-Шамадан тыс зиянды заттар ауаға бөлінді. Мысалы құрамында диоксид азота, диоксид секілді заттар анықталды.

Аймақтағы мұнай алпауытын айға жуық тексерген экологтар ауаға зиянды заттар тарады дегенмен, оның қаншалықты көп көлемде тарағанын нақты айта алмай отыр.  Өрт зауыттағы гудрон деп аталатын мұнай өнімдерінің қалдығын қайта өңдеу қондырғысында шыққан еді. Мамандар бұған құбыр бойында саңылау пайда болып, ішіне ауа кіріп кеткені себеп болғанын анықтапты. Абырой болғанда сол маңда жүрген зауыт қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шекпеген. Бірақ небары 10 шаршы метр жерді шарпыған өрт салдарын зауыт кәдімгідей сезінді. Өйткені тәулігіне 14 мың тонна мұнай өнімдерін шығаратын зауыт құбыр қалыпқа келтірілгенше 7 мың тонна ғана шығара алды. Жалпы, 2017 жылы Атырау облысының ауасын ластаған компаниялардан мемлекет пайдасына 22 миллиард теңгеге жуық қаражат өндірілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде