Қазақстандық бухгалтерлерге хакерлерден қауіп төнді
Киберқылмыскерлер желіде 10 мың қаржы маманының жеке деректерін ашықтан-ашық сатылымға шығарған.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
08.01.2018
Шабуылға тап болған - balans.kz сайтының пайдаланушылары. Тіпті, хакерлер ауа-райы туралы ақпарат тарататын «Қазгидрометтің» корпоративтік желісіне кіру мүмкіндігін де саудаға салыпты. Ал, клиенттерін қызықтыру үшін мекеменің ішкі құжаттарының үзіндісін жариялаған. Бірақ, желідегі алаяқтар мәліметтер базасын қаншаға бағалайтынын көрсетпепті. Әдетте, мұндай бір сатылымның өзінен хакерлер 3-4 мың доллар пайдаға кенелетін көрінеді. Бірақ, бұл жолы арам пиғылдарын іске асырып үлгермепті. Яғни, бухгалтерлердің есеп-қисаптарын саудаға шығарғанымен, оны сата қоймаған. Қазір құпия деректер саудаланған сайт бұғатталған. Мамандар бұл жағдай жуырда қазнетте пайда болған майнер вирустарымен тығыз байналысты деп отыр. Естеріңізге салсақ, өткен аптада есепшілер мен заңгерлердің 3 сайтына киберқастандық жасалған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!