{metadescription}
Парамен ұсталған Ерлан Біләлға әріптестері араша түсті
Парамен ұсталған Ерлан Біләлға әріптестері араша түсті

Парамен ұсталған Ерлан Біләлға әріптестері араша түсті

Қасақана қастандық қылған сатқынды соттау керек. Қазақстан театрлар қауымдастығы парамен ұсталған актер Ерлан Біләлға араша сұрап отыр. Халық әртісі Асанәлі Әшімов бастаған өнер саласының майталмандары үзеңгілестеріне әдейі ор қазып, осы жағдайды ұйымдастырған адамдардың сот алдында жауап беруін талап етіп отыр.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері өткен апта бір жарым миллион теңге пара алғаны үшін ұсталған еді. Ол театр ғимаратын балаларға жаңа жылдық кеш өткізуге жалға бермек болған. Ерлан Біләл басқарып келген Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрына бүгін Ерланның өмір мен өнердегі жанашыр жандары жиналды. Пара алып тұтылғанмен, оның талантын тұншықтырып құрдымға жіберуге болмайды дейді. Әлеуметтік желіде осы жағдайдан кейін жаппай жала жауып қаралаған көпшілікті өнер саласының өкілдері өсектен аулақ болуға шақырады. Ерлан Біләл директорлықтан кеткенмен, актерліктен аластамауы керек дейді.

АСАНАӘЛІ ӘШІМОВ, ҚАЗАҚСТАН ТЕАТРЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

-Осыны ұйымдастырған адамды сотқа шақырамын.  Біз Жапонияға кеткенде, коллектив демалып жатқанда театрдың ішіне аппаратура орнатқан.  Ауырып жатқан жерінен шақыртып осындай жағдайға душар қылған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде