{metadescription}
Қуандық Бишімбаев  алған парасына зәулім  коттедж салды деген айыптауға жауап берді
Қуандық Бишімбаев  алған парасына зәулім  коттедж салды деген айыптауға жауап берді

Қуандық Бишімбаев алған парасына зәулім коттедж салды деген айыптауға жауап берді

Қуандық Бишімбаев алғанын мойындамаса да Елбасы мен бүкіл қазақ халқынан кешірім сұрады. Сотта сөз алған экс-министр Астанаға жақын Қосшы ауылындағы зәулім коттедждің кімге тиесілі екенін де айтты.

-Қуандық Бишімбаевқа қатысты соттың басталғанына бірнеше ай болды. Экс-министр бүгінге дейін неге үнсіз отырыпты және егер ол өзін кінәсізбін деп санаса, Президенттен кешірім сұрауына не себеп?

Қуандық Бишімбаев әлі де тергеу айғақтарымен мүлдем келісіп отырған жоқ. Ал бұған дейін өзіне тағылған айыптарға қатысты жақ ашпауын былай түсіндірді. Экс-министр тек сотта куәгерлер мен журналистердің көзінше ғана түсінік беруге шешім қабылдапты. Заң бойынша күдіктінің оған құқығы бар.Сотта сөз алған Бишімбаев бірінші кезекте Президенттен кешірім сұрады. Істі болып жатқан бұрынғы шенеунік Елбасының сеніміне секем түсіріп алғанына қатты өкінетінін жеткізді.

Қуандық Бишімбаев:

-Президенттің алдында кінәлі екенімді мойындаймын. Жақсыбаев, Жақыпов сынды өзім жұмысқа қабылдаған адамдар мені сатып кетті. Кадрдан өрескел қателестім. Бұл үшін Мемлекет басшысының алдында жауап беремін. Басыма түскен осы жағдайдан, Президенттің үмітін ақтамағаным үшін ұяламын, жаным ауырады. Елбасынан және жалпы қазақ халқынан кешірім сұраймын.

Яғни, Бишімбаев айналасына адал адам жинай алмағаны үшін кешірім сұрады. Айтуынша, қарамағындағылар оның сеніміне кіріп, өзін орға жыққан.

-Бишімбаев Астана түбіндегі Қосшы ауылда салынған зәулім коттедж туралы не айтты? Ол үй кімге тиесілі екен?

Тергеу материалдарында Қосшыдағы үй экс-министр пара арқылы тапқан ақшаға салған делінген. Бірақ, Бишімбаев ол коттедждің бірнеше иесі бар деп отыр. Жақсыбаев, Бабағұлов, Нұрлыбек, Достияров, Сисембаев және Бишімбаевтың ортақ ақшасына тұрғызылған екен. Аты аталған адамдар ол үйді ортақ пайдаланып келгенін тергеушілер де біледі. Бірақ, оны ешкімнің ескергісі жоқ дейді Бишімбаев. 

Қуандық Бишімбаев:

-Егер менің үйім болса, ол баспанада неге  бәрі білгенін істейді?  Коттедждің дизайын мен емес, неге Бақыт Жақсыбаев жасатады? Ол баспана маған тиесілі емес. Мен де солар сияқты ортақ пайдаланушымын. Тағы қайталаймын, ол менің жеке үйім емес.

Әйелінің айтуынша, ол коттеджге Бишімбаев отбасылық бюджетінен 90 мың доллар жұмсапты. Қалған қаржыны бес адам қосқан. Ал «Бәйтерек Деволопменттің» бұрынғы төрағасы Бақыт Жақсыбаев Қосшыдағы зәулім коттеджді Бишімбаев пара ретінде алған ақшаға салды деп түсінік берген болатын. Жақсыбаев та күдіктілердің қатарында. Жалпы, Бишімбаев ісі бойынша 22 адам айыпталуда. Бұрынғы Ұлттық экономика министріне пара алды, өзгенің сеніп тапсырған мүлкін талан-таражға салды деген айыптар тағылған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде