Оралда мешітке келушілердің қалтасын қағумен айналысқан ұры ұсталды
Алла үйіне иманды жанның кейпінде келіп, сұғанақтық жасаған жігіттің әрекеті мешіт ішіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты.
Автор: Жанар Низамутдинова
08.01.2018
25 жастағы ұры жігіт жаман ойын Оралдағы екі мешітке келушілерге арналған әжетханада жүзеге асырыпты. Яғни келушілер жуынып-шайынып, намаз оқуға кеткенде бұл олардың сырт киімдерінен ақша ұрлаған. Аспай-саспай әрекет еткеніне қарағанда, бейнебақылау камерасының бар екенін білмесе керек. Қазір қамауда отырған бұл жігітке қатысты полицейлер ұрлық бабы бойынша іс қозғады. Айта кетейік, жаман әдетті жанына серік еткен жігіт – Атырау облысының тумасы. Бұрын да ұрлық жасағаны үшін сотты болып, абақтыдан жақында ғана шыққан көрінеді.
Әлімхан Тұрғынбеков, Орал қалалық мешітінің бас имамы:
-Мешітке келіп, құлшылық жасаймын деп ғибадат орындарына келіп, мұндай іс-әрекетке барған тұрақты жамағатымыз емес. Біз құзырлы мекемелерге толыққанды мәселені өткіздік. Қажетті мамандар тартылды, шақырылды. Және осы мешітте зардап шеккен азаматтардың барлығынан арыз өткізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!