{metadescription}
Көкшетауда ақыл-есі кем азамат көлік дөңгелектерін кескілеп тастаған
Көкшетауда ақыл-есі кем азамат көлік дөңгелектерін кескілеп тастаған

Көкшетауда ақыл-есі кем азамат көлік дөңгелектерін кескілеп тастаған

Ол түн қата есік алдына шығып, 10  көршісінің жеке мүлкіне осылай зиян келтіріпті. 

Ержан Өмірғалиев, зардап шегуші:

-Менің көлігімнің екі дөңгелегін, көршімнің 4 дөңгелегін кесіп тастапты. Полицияға шағым түсірдік. Ауру адамнан не сұрайсың. Дегенмен, мына жерде жарық жоқ, балалар жүреді, қауіпті, әрине. Ондай адамды үйде ұстау керек пе, жоқ па, оны біз шешпейміз ғой. 

Ол бұл әрекетке  жұрт ұйқыға жатқан кезде барғанға ұқсайды. Көлік доңғалақтарын бірінен соң бірін пышақпен тілгілей берген. Тіпті кей көліктің 4 бірдей дөңгелегін жарып кетіпті. Тұрғындар дың әрқайсысы науқас көршісінен 160-200 мың теңгеден зиян шегіп отыр. Күнде алаңсыз  көліктерін есік алдына қалдыратын  тұрғындар бұл сұмдықты таңертең жұмысқа шыққанда бір-ақ көріпті. Олар көршілерінің денсаулығында кінәраты барын бұрын білген. Бірақ өрескел мінезін байқамаппыз дейді. Психикалық ауытқушылығы бар 59 жастағы азаматты заң жүзінде ешкім жазалай алмайды. Ал полиция шығындарын қайтарып алу үшін азаматтық сотқа арыз түсіруге  кеңес беріпті. Науқастың өзі жасаған ісін мойындамаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде