{metadescription}
Каспий теңізінің қызыл түске боялуы Ақтау тұрғындарының зәресін алды
Каспий теңізінің қызыл түске боялуы Ақтау тұрғындарының зәресін алды

Каспий теңізінің қызыл түске боялуы Ақтау тұрғындарының зәресін алды

Жұрт  бұны табиғат апаты ма деп шошып отыр. Мұны тіпті улы зат деп жорығандар да бар. Содан болуы керек, әншейінде теңіз жағасында серуендеуді ұнататындар бірден сиреп қалған.

Тимур Ниталиев, Ақтау қаласының тұрғыны:

-Теңіздің мұндай түске енгенін бұрын-соңды көрмеппін. Шынымен қорқынышты көрінеді екен. Өз басым мұндай суға түспес едім.

Ал экологтар бұдан қорқудың қажеті жоқ деп, дүрліккен елді сабырға шақыруда. Каспийдің қызыл түске боялуына кәдімгі балдырлар себеп болыпты. Су асты өсімдігінің жылдам көбейіп, дауыл тұрғанда жағаға ұрылуынан теңіз қызғыш түске енеді дейді мамандар. Оның үстіне бұған қыстың жылы болғаны да себеп. Десе де, экологтар қызылға боялған су, жер және ауаның сынамасын алып, зиянды-зиянсыз екенін тексеруге алып кетті.

Руслан Төкенов, Маңғыстау облысы экология департаменті басшысының орынбасары:

-Ол жерде ешқандай да өндіріс ошақтары орналаспаған.  Құстар жүр жүзіп. Құстар сол жерде сол балдырлармен қоректенуі де мүмкін. Соған қарағанда оның бәрі табиғи құбылыс деп атап өту керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.