{metadescription}
Қарағанды мен Теміртау ауруханалардында көз жұмған екі бүлдіршінге дәрігерлер дұрыс қарамаған
Қарағанды мен Теміртау ауруханалардында көз жұмған екі бүлдіршінге дәрігерлер дұрыс қарамаған

Қарағанды мен Теміртау ауруханалардында көз жұмған екі бүлдіршінге дәрігерлер дұрыс қарамаған

Қызметтік тексеріс жүргізгендер осындай ұйғарым жасады.  Ал сараптама қорытындысы бойынша балалардың шұжықтан уланғанын расталды.

31 желтоқсан күні Қарағанды ауруханасында 3жастағы бүлдіршін шетінеді. Анасы бронхитпен ауруханаға түскен Айзере Қаһарманованы 30-шы желтоқсанда қолхат қалдырып, үйіне әкеткен екен. Мерекеде үйде болмаққа. Алайда 13 сағаттан кейін іші өтіп, қызуы көтерілген бала ауруханаға қайта әкелінген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Ал қаңтардың 3-не қараған түні Теміртау ауруханасына осындай белгілермен 1 жарым жастағы Аслан Манасов жеткізілген. Бір тәулікке жетпес уақыт әлсіреп жатқан баланың 3-ші қаңтар күні кешке демі үзіліп кетті.

Ержан Нұрлыбаев, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

-Балалардың мереке күндері дүкеннен алынған шұжық жегені расталды. Түсінбеушілік болмасын деп, шұжыққа сараптама жүргізгенде балалардың туыстары да болды. Сондай-ақ, дәрігерлердің науқастардың жағдайынының ауыр екеніне мән бермегені де анықталды. Тексеріс толық аяқталған соң, қорытындыны тергеу орындарына жолдаймыз.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде