{metadescription}
Астанада шенеуніктер жүретін ауданда ақылы автотұрақ пайда болады
Астанада шенеуніктер жүретін ауданда ақылы автотұрақ пайда болады

Астанада шенеуніктер жүретін ауданда ақылы автотұрақ пайда болады

Астанада талай дау тудырған ақылы автотұрақтар тағы пайда болады.

Енді вокзал мен әуежайдан соң  Есілдің сол жағалауындағы ең ірі  «Нұржол» бульварында көлікті қаңтару үшін міндетті түрде төлем жасау қажет болады. Жаңа жүйе алдығы дүйсенбіден бастап іске қосылмақшы. Ал, ереже бұзғандарға жаппай айыппұл салынғалы жатыр. 

Есілдің сол жағалауындағы «Нұржол» бульварынде үнемі иін тірескен қозғалыс. Өйткені бұл маңда министрліктер үйі, Үкімет,  Парламент ғимараттары орналасқан. Депутаттар тұратын  «Нұрсая» кешені де осы маңда. Сондықтан шенеуніктер мен қатардағы  жүргізушілер машинасын қоятын орын таппай сең соққан балықтай сенделіп жүреді.  Енді мұндағы онсыз да санаулы автотұрақтар келесі дүйсенбіден бастап ақылы болмақ. Яғни, көлігіңізді бір сағатқа қалдыру құны - 100 теңге.

Бекмырза Игенбердиев, Астана қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы:

- «Нұржол» бульварында 500-ге жуық ақылы тұрақ болады. Олардың жол таңбалары сызылып, 12 паркомат орнатылған. Әрі төлемді паркоматтар арқылы ғана емес, мобильді қосымша, банк карточкасы немесе СМС арқылы төлеуге болады.

Таңғы сегізден кешкі сегізге дейін төлем қабылдайтын паркоматтар әзірге іске қосылмаған. Ал, тұраққа қойылған көліктерді арнайы камералар бақыламақ. Автоматты жүйе машинаны тіркесе болды, жүргізуші ақы төлеуге міндетті. Ереже бұзғандарға 7 мың теңге айыппұл салынады. Тіпті, жұмысы осы «Нұржол» бульварында орналасқан тұрғындар да көлігін таңнан кешке дейін қойғаны үшін мың теңгеге дейін төлеуі тиіс.

Әбдіхамит Тамабаев, «Astana LRT» ЖIC департамент маманы:

-Әркім өзі ойланатын болады. Көлікпен тұруға тұрады ма алде басқа жағдайды қарастыру керек пе? Ол үшін қоғамдық көлік бір жағынан бар. Қоғамдық такси екінші жағынан бар.

Жалпы Елордада бұған дейін орнатылған ақылы автоматтар үлкен дау тудырған еді. Мәселен, теміржол бекетіндегі паркоматтар қайта-қайта істен шығып, жүргізушілердің ашуын тудырған еді. Ал, бұл Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежай. Мұнда екі күнге көлігін қалдырған жолаушы паркоматқа төлеуі тиіс соммны көріп, жағасын ұстап тұр. Әрі бағасы удай тұрақта үш ай бұрын көлік ұрланғаны есте. Күзетілетін жерде машинасынан көз жазып қалған азамат әлі күнге жоғалған қымбат джипін таба алмай жүр.

-Бірақ ақылы автотұрақтағы мұндай олқылықтардың бірте-бірте жойылатынына шенеуніктер тым  сенімді. Тіпті, паркоматтарды көбейтіп, тұрақ санын 10 мыңға дейін жеткізу жоспарда бар екен. Ал Есілдің сол жағалауындағы ақылы тұрақ жекеменшік компанияның меншігінде болады.  Түскен қаржының бір бөлігі  бюджетке  де аударылмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде