Сырдария тасып 45 үйдің қора жайын су басып қалды
Зардап шеккен Қызылорда қаласының қақ ортасында орналасқан «Арай» мөлтек ауданы. Тасқын түнгі уақытта болғандықтан біразының үй жануарлары мен құстары қырылып қалыпты.
08.01.2018
Қызаркүл Жолымбет, Қызылорда қаласының тұрғыны:
-Мынау Дариядан келіп жатқан ыза су. Бізге келіп үйімізге кірді ғой. Бүкіл тауықтың бәрі кетті. Өзіміз аман қалсақ тауығы құрсын деп отырмыз.
Арнасынан асқан дәрияға жер астынан көтерілген су қосылған. Дарияға жақын орналасқан үйлердің тұрғындары аулаларына құм төсем, барынша қызыл судан өз беттерінше қорғанып әлек. Жергілікті билік бұл жерде қыста тұруға рұқсат жоқ. Қауіпті аймақта негізінен қора жай болғандықтан адамдар көктемде көшіп келіп, күзде көшіп кету керек деп отыр. Ал тұрғындардың басқа барар жері жоқ. Жалпы Қызылорда облысында 56 қауіпті аймақ бар екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!