Алтын кенін Қытайға сатып келгендер ұсталды
Елімізде заңсыз өндірілген алтын кенін контрабандалық жолмен Қытайға тасымалдағандар ұсталды. Қылмыстық топты құрықтау операциясын Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Астана мен Степногор қалаларында қатар жүргізген.
Автор: Сабина Мәдиқызы
08.01.2018
Бұл жолы олардың қолына заңсыз өндірілген алтын кенін 2 вагонға тиеп жатқан жерінде кісен салынды. Салмағы 106 тонна қоспа алтынды аспан асты еліне шекара асырмақ болған топтың ішінде Қытай азаматы да бар. Тіпті арам ойларын іске асыру үшін жалған құжаттар да пайдаланыпты. Қазір арнайы қызмет, ұйымдасқан топтың басқа да қылмыстарын әшкерелеуге кірісті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!