{metadescription}
Қуандық Бишімбаев зәулім коттеджді  кімдермен бірігіп салғанын айтты
Қуандық Бишімбаев зәулім коттеджді  кімдермен бірігіп салғанын айтты

Қуандық Бишімбаев зәулім коттеджді кімдермен бірігіп салғанын айтты

Қуандық Бишімбаев президенттен кешірім сұрады. Бұрынғы Ұлттық экономика министрі адам танымағаным үшін айыптымын деп отыр. Яғни, өз командасынан шыққан сатқындардың кесірінен істі болып жатқанын айтады. Бүгін алғаш рет сот алдында жауап берген ол Астанаға жақын Қосшы ауылындағы зәулім коттедждің кімге тиесілі екенін де жариялады.

Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты процес былтыр қазанда басталған. Экс-министр бұған дейін еш түсінік берген емес. Екі ай өткен соң ғана сот алдында алғаш жауап берді. Ол күдіктілер отырған терезенің арғы бетінен  де бүгін бірінші рет залға кісенсіз шықты.

Мінберден сөз алған Бишімбаев Ұлттық бюроға өкпесін ашық айтып, еркін шер тарқатты. Жемқорлыққа қарсы мекемедегілер қарадай жала жапты дейді ол. Тіпті тергеушілер соттың үкіміне әсер етеміз деп қоқан-лоқы көрсеткен көрінеді. Сондықтан экс-шенеунік сотта куәгерлер мен журналистердің көзінше ғана түсінік беруге шешім қабылдапты. Заң бойынша күдіктінің оған құқығы бар. Бірақ, Бишімбаев өз дәлелдерін оқымас бұрын, бірінші Президенттен кешірім сұрады.

Қуандық Бишімбаев:

-Я осознаю, что виноват перед Президентом. Люди, которых я знаю, которых пригласил на работу: Жаксыбаев, Джакупов и другие, подвели меня, я несу за это ответственность перед Главой государства. За всю эту ситуацию и стыдно, и больно, что не оправдал доверие Президента. Я так ошибся в подборе кадров. Приблизил людей, которые использовали меня и мое доверие. Я прошу у Главы государства, у всего нашего народа прощения за это.

Яғни, Бишімбаев айналасына адал адам жинай алмағаны үшін кешірім сұрады. Мәжілістің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың  ұлы Аслан Жақыпов, «Бәйтерек Деволопменттің» бұрынғы төрағасы Бақыт Жақсыбаев сынды қарамағында жұмыс істегендер оның  сеніміне кіріп, өзін орға жыққан. Қосшы ауылындағы зәулім коттеджді Бишімбаев пара ретінде алған ақшаға салды деп, түсінік берген де осы Жақсыбаев. Бүгін Бишімбаев сол шулы үйдің кімге тиесілі екенін айтты. Баспананың бірнеше иесі бар екен. Жақсыбаев, Бабағұлов, Нұрлыбек, Достияров, Сисембаев және Бишімбаевтың бірігіп тұрғызған. Аты аталған адамдар ол үйді ортақ  пайдаланып келгенін тергеушілер де біледі. Бірақ, оны ешкімнің ескергісі жоқ дейді Бишімбаев. 

Қуандық Бишімбаев:

-Вообще, если это мой дом, почему там все творят что хотят? Почему обстановкой интерьера занимался не я или моя супруга, а Жаксыбаев Бахыт.Мне этот дом не принадлежит. Я такой же пользователь, как и все, который внес свои средства в его строительство. Это не голословные заявления, Ваша честь. Это не мой дом.

Бишімбаевтың әйелінің айтуынша, үлкен моншасы бар коттедж ешкімнің атына ресми түрде жазылмаған. Әзірге құжат бойынша нақты иесі жоқ.

Назым Қаһарман, Қ.Бишімбаевтың әйелі:

-Олар коттедждің құжатын реттеуге енді кірісеміз деп жүрген. Қуандық құрылысқа 89 мың 500 доллар салды.Бұл   ақша біздің отбасылық бюджетімізге тиесілі. Қалған шығынды өзгелер көтерген. 

Бишімбаев Қызылордадағы шыны зауытына деп бюджеттен бөлінген 1 миллиардтан астам теңгені де жалған фирмалар арқылы қолды қылды деп айыпталған. Экс-министрдің бұған да қатысты уәжі бар екен. Үш жылға сотталған атышулы кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди Қызылордадағы зауыттың құрылысына швед инвесторларын тықпаламақ болған екен. Бишімбаев бұған келіспеген. Соның салдары өзіне жала болып жабысыпты.

-Жалпы, атышулы ісі бойынша 22 адам күдікке ілінген. Оның 20-сы қылмысын мойындады. Тағылған айыптармен тек бұрынғы Ұлттық экономика министрі келіспей  отыр. Соңғы болып түсінік берген Бишімбаев бүгін бес сағаттай көсіліп сөйледі. Енді келесі отырыста 22 күдіктінің адвокаттары мен прокурорлар басты айыпталушының өзіне  сұрақ қоятынын ескерсек, әлі талай былықтың беті ашылуы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде