Есімовтің орнына жаңа басшы тағайындалды
«Астана-ЭКСПО»-да жаңа басшы! Енді көрмеден кейін ұлттық компанияға Ербол Шорманов жетекшілік етпек. 50 жастағы Шорманов ЭКСПО-ға алыстан келген жоқ. Ол 2015 жылдан бері ұлттық компания төрағасының орынбасары, кейін төрағаның міндетін атқарушы болған. Шорманов 20 күндей бос тұрған экс-төраға Ахметжан Есімовтың орнын басқанын айта кетейік. Биыл ЭКСПО аумағында Астана халықаралық қаржы орталығы мен IT-стартаптар технопаркі жұмысын бастауы тиіс. Сондықтан жаңа басшыны жауапты жұмыстар күтіп тұр.
Автор: Жәудір Оразхан
09.01.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
01 ақпан
31 қаңтар
Серіктестер жаңалықтары